Атырауда борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері үш күндік «Борышкер» жедел-алдын
алу іс-шарасын өткізген. Мақсат –борышкерлерді анықтап, құқық бұзушылар арасында
айыппұл төлеу туралы хабарламаларды тарату, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу.
«Үш күнде жүргізілген рейд кезінде мобильдік топтармен 53 автокөлік құралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 785-бабымен (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары) мемлекеттік нөмірлер алынып, айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, 37 борышкерге хабарлама табыс етілді. Үш күнде барлығы 16 млн 534 теңге айыппұл өндірілді. Оның ішінде 747 750 теңгесі Атырау қаласында ұсталған борышкерлерге тиесілі болып отыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.