Атырауда бос орындар жәрмеңкесінде компания 100 жұмыс орнын ұсынды

АТЫРАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда бос орындар жәрмеңкесі болып өтіп, оған бір ғана «Power Comm Ko» компаниясы қатысты. Бірақ компания бірден 100 жұмыс орнын ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Компанияның бас директоры Жанар Кұлмағамбетованың айтуынша, газ өңдеу зауыты мердігерлік тапсырыс алғаннан кейін оларға тез арада білікті жұмысшылар қажет болды, сондықтан да бос орындар жәрмеңкесін өткізуге тура келді. Компанияға электриктер мен электр-монтаждаушылар қажет. Жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн, әрине. Сондықтан, бос орындар жәрмеңкесіне келген жұмысшы орындарын іздеуші тек бірнеше адам ғана бірден жұмысқа шақыру алды. Бірақ тағы бірнеше ондаған адам өздерінің түйіндемелерін толтырды және компания олармен егжей-тегжейлі танысқаннан кейін бұл адамдардың да жұмыспен қамтылатынын жоққа шығармайды.
Соңғы жаңалықтар