Атырауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

АТЫРАУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жәрмеңкеге түйіндемелері еңбекке тарту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтер базасына енгізілген 500-ден астам атыраулық шақырылды. Бірнеше компания 200-ден астам мамандықтар бойынша бос орындарға ұсыныстар жасады. Компаниялар бірінші кезекте электр-химия монтажшысы, дәнекерлеушілер, құм тазалаушылар, жүк ілушілер, темір жонушы мамандарын қажет етуде. Қажет етілген мамандықтар бойынша жұмыс өтілдері бар бірнеше азаматтардың мәселесі тура жәрмеңке басында шешіліп, олармен келісімшарттар жасалды. Жұмыс күшін қажет етіп отырған компания басшылығы өздеріне керек мамандық иелерінің түйіндемелерімен танысуда. Жұмыс беруші компаниялар өкілдерінің айтуынша, олар азаматтарды дайындық курстарына жіберуге немесе мамандыққа қайта оқытуға әзір екендіктерін білдіруде.
Соңғы жаңалықтар