08:26, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Атырауда букмекерлік кеңсеге жасалмақ болған қарақшылық шабуылдың алдын алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ІІД жедел басқару орталығы қызметкерінің мұқият болуының арқасында букмекерлік кеңсенің тоналуына жол берілмеді.

«Көшелерді бақылау камераларының жұмысын бақылап отырған облыстық ІІД жедел басқару орталығының (ЖБО) қызметкері белгісіз біреу букмекерлік кеңсенің терезесін сындырмақ болғанын байқап қалды. ЖБО қызметкері «Батыс-5» ІІБ жол-патрульдық полициясының кезекші экипаждарының біріне ақпаратты жеткізді. Букмекерлік кеңсені тонамақ болған адам оқиға орнында ұсталды. Ол 1988 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған факт бойынша тергеуалды тексеріс жүргізіліп жатыр», - деп х абарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.