04:07, 28 Шілде 2012 | GMT +5
Атырауда бұзақылардың қолынан полицей зардап шекті
АТЫРАУ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Атырауда бұзақылардың қолынан патрульдік-постық қызметінің полицейі зардап шекті.

Облыстық ІІД-нің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова мәлім еткендей, оқиға «Авангард» шағынауданында болды. Патрульдік-постық қызметінің қызметкері іс-қимылдарында күдік туғызған үш жас азаматты тоқтатпақ болған. Бірақ полицияның айтқанын орындаудың орнына олар тәртіп сақшысына қоқан-лоқы көрсетіп, кейін дене жарақаттарын салды.
«Олардың барлығы ұсталды. Екі адам уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, үшіншісіне әкімшілік хаттама толтырылды», - деп ақпараттандырды Г.Мұхтарова.