Атырауда дарынды балаларға арналған мектептер салынады

АТЫРАУ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 2011 жылы 5 жаңа оқу орнының құрылысы басталады.
None
None

Қала әкімі Мереке Исмұратов хабарлағандай, 4 оқу орны дарынды балаларға арналады. Олар 250 орындық қыздардың қазақ-түрік лицейі, 320 орындық дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназия, 80 адамдық жатақханасы бар 720 орындық дарынды балаларға арналған балалардың интеллектуалды мектебі, сондай-ақ «Мирас» мектебі. Сонымен қатар 624 орындық орта мектептің де құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар