Атырауда депутаттар үш жылдық бюджетті бекітті

АТЫРАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда облыстық мәслихаттың сессиясында 2010-2012 жылдарға арналған аймақ бюджеті бекітілді.
None
None

2010 жылы барлығы 77,7 млрд. теңге мөлшерінде салықтық және өзге де түсімдер жинау жоспарланып отыр. Бюджет бойынша шығыстар 72,9 млрд. теңге мөлшерінде күтілуде. Алдағы үш жылда білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылыстарын салу, облыс инфрақұрылымдарын дамыту жалғастырылады. Атырауда бюджет есебінен су тазалау құрылыстарын салу, шалғайдағы елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді аяқтау жоспарланған.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Айгүл Әжіғалиеваның хабарлауынша, үш жылға арналған бюджет алғаш рет жоспарланып отыр. Сондықтан, салықтардың жиналуын және жобалардың іске асырылуын ескере отырып, біршама түзетілулер енгізілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар