Атырауда діни ағым өкілінен тапанша мен тыйым салынған кітаптар тәркіленді
Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде діни ағым өкілін ұстаған.
«Теріс ағым жетегіндегі 29 жастағы жігіттің тұрғылықты мекен-жайы тексеру жүргізілді.
Оның мекен-жайына тінту жүргізу кезінде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапанша мен 14 дана патрон, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тиым салынған мағлұматтары бар 5 дана флеш-карта мен 17 дана діни кітап тәркіленді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір күдікті ретінде ұсталған деструктивті діни ағым өкілі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Атырау қалалық полиция басқармасының №2 полиция бөлімімен күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша тәркіленгенін жазған едік.