Атырауда діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекет ету мәселесі қаралды

АТЫРАУ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің маңызды сұрақтары» семинары өтті.
None
None

Кездесу барысында діни экстремизм мен лаңкестік жайлы ескерту, оның орын алу себептері мен талаптарын анықтау сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуде жүйелі шаралар мен ұсыныстар жасау, қаржылай ағындарға бақылау жүргізу үшін тиімді шараларды іздеуге ерекше көңіл бөлінді.

Семинарға ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, батыс өңірінің құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлері, ҚР Бас прокуратурасы институтының қызметкерлері, Ұлыбританияның ҚР-ғы елшілігінің өкілдері, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қызметкерлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар