11:34, 27 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Атырауда Достық үйі ашылады
АТЫРАУ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырауда Достық үйі ашылады, деп хабарлады Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбет.

Достық үйінде облыстағы барлық 17 этно-мәдени ұйым орналасып, өз шараларын өткізе алады. Олардың көпшілігінің алдағы жылға жоспарлары дайын. Мәселен, «Давира» украин этно ұйымы Украинаның танымал ақыны Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толуын кең көлемде атап өтуге дайындалу үстінде.