Атырауда екі адам 5 қабатты үйдің шатырынан құлап, мерт болды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған екі адам 5 қабатты үйдіңшатырынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға бүгін, 21 ақпанда Атырау қаласында болған. Бұл деректі облыстық полиция
департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Атырау қаласының «СМП-163» шағын ауданында орналасқан №7 үйде жаңғырту
жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 5 қабатты үйдің төбе жабындысын
ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы – 25-те, екіншісі – 36-да.
Жұмысшылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында мерт
болды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау полицейлері түн ортасында көпірден секірмек
болған бойжеткенді құтқарғанын хабарлаған едік.