Атырауда екі жасөспірімді қаққан жүргізуші көлігін тастап қашып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі жасөспірімді қаққан жүргізуші көлігін тастап, қашып кетті. Оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 17 тамызда болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 22:40 шамасында маркасы «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласында екі жасөспірімді қағып кеткені белгілі болды. Ол Сатпаев көшесінде орналасқан «Атырау» ойын-сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2004 және 2005 жылғы жасөспірімдерді көлігімен қағып құлатқан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алайда, жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші автокөлігін оқиға орнында қалдырып, қашып кеткен. Қазір «ВАЗ-2114» автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Ал, кім екені әлі анықталмаған жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Бұдан бұрын Атырауда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Көліктің рөлінде 59 жастағы жүргізуші болған. Ол Құрманғазы көшесімен қозғалып келе жатып, жол қауіпсіздігін қадағаламаған.

Ал, есірткі шегіп, көлік жүргізген жігіт полициядан қашпақ болды. Полицейлер көлік рөлінде Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны болғанын анықтады. Жүргізушінің көлік құралын жүргізу құқығы болмаған. Оның есірткілік зат қабылдап, көлік жүргізгені белгілі болды. Соны жасыру үшін жүргізуші полицейлерден қашқанмен, алысқа ұзамай ұсталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram