Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматы Тараздан арнайы келіп, есірткі тасымалдаған.

«Қарасора-2021» жедел іс-шарасы кезінде ұсталған шетелдіктен 29, жалға алынған үйінен 40 дана түйіншектелген ерекше иісі бар есірткі тәріздес зат табылды. Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысып жүрген ер шетелдіктің айтуынша, бұл – «Меф» есірткі өнімдері. Есірткінің жалпы салмағы 19,7531 грамды құрады. Тәркіленген есірткі тәріздес заттар сот сараптамасына жолданды» -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ұсталған Өзбекстан азаматына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар