01:45, 26 Шілде 2015 | GMT +5
Атырауда газ баллоны жарылып, дәнекерлеуші зардап шекті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда газ баллоны жарылып, дәнекерлеуші зардап шекті. Денесін күйік шалып, көптеген жарақаттар алған ол облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
«Төтенше оқиға қаладағы ЖШС-тардың бірінде болды. 32 жастағы ер адам дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Жарылыс неден болғаны әзірге анықталып жатыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.