Атырауда хакерлер фирмалардың шоттарынан 1.8 млн. теңгені жымқырған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда хакерлер фирмалардың шоттарынан 2 млн. теңгеге жуық қаражатты жымқырды.
None
None

«Бұл туралы фирмалардың бастығы полицияға шағымданған соң белгілі болды. Фирмалардың бірінің шотынан 1 млн. 300 мың теңге, екіншісінен - 550 мың теңге ұрланған. Хакерлер вирустың көмегімен фирмалардың шотына қол жеткізіп, жеке тұлғалардың шотына ақша аударған. Тергеу амалдарын криминалдық полиция жанынан құрылған арнайы топ айналысып жатыр», - деп ақпараттандырды аймақтық ІІД баспасөз қызметінің башысы Гүлназира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар