Атырауда халықтан қару сатып алудың мерзімі ұзартылды

АТЫРАУ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда тіркелмеген дәрімен атылатын қаруды және оқ-дәрілерді сатып алуды жүзеге асыратын «Қару» операциясының жұмыс істеу мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылды.
None
None

Аймақтық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, бұл шара халықта әлі де қару көп және көптеген адамдар одан құтылу үшін полиция органдарына хабарласуға үлгере алмай жатқандықтан жасалып отыр.

1-ші қыркүйектен бастап азаматтардан 135 өтініш келіп түсті. Олар 170 дәрімен атылатын, соның ішінде 8 кесілген қаруды тапсырды. 14 дана қару тапсырғандары үшін оның иелеріне жалпы алғанда 400 мың теңге төленді.

Соңғы жаңалықтар