Атырауда инфрақұрылым желілерімен қамтуға 3,1 млрд теңге бөлінді
Атырау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Нұрболат Бөлековтің дерегіне сүйенсек, бөлінген қаржыға магистралды, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтитын желілердің құрылысы жүргізіледі.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Талғайран елдімекенінде 1080 пәтерлік 24 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Қазір 630 пәтері бар 9 қабатты 7 үйдің құрылысы басталды. Алдағы жылы көпқабатты 39 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарланып отыр. Көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын алаңішілік, су, кәріз, газ, электр және байланыс желілері тартылып жатыр. Мұнда су көтеру және кәріз станса іске қосылады. Жаңа қалашықты абаттандыру, алаңішілік жолдар, балаларға арналған ойын, спорт алаңдары мен жаяу жүргіншілер жолағы салынып жатыр. Қуаттылығы 110/10 кВт құрайтын электр жнергиясымен қамтитын стансасы қүрылысы басталды. Бұған қоса 14 шақырымды құрайтын байланыс желісін тарту жүргізілуде», -деп хабарлады Нұрболат Бөлеков.
Оның айтуынша, Береке елдімекеніндегі 53, Зарослый елдімекенінде 31 көшенің электр желісі қайта жаңартылады. Сондай-ақ, биыл Қайнар, Жұлдыз, Зарослый, Тасқала, Ақсай шағын аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары бастау көзделген. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаты дайындалып, сараптаманың оң қортындысы алынған. Енді қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жылу желісінің жартысынан астамы тозғанын жазған болатынбыз.