Атырауда ірі агрокешенді құру жалғасуда
Кешеннің бірінші кезегі 2010 жылдың күз айында салынған еді. Ол көкөніс сақтайтын қойма мен жылыжайдан құралған. Құрылысқа облыстық бюджеттен 766 млн. теңге бөлінді. Кешеннің бірінші кезегі күз айының орта шенінде салынып біткеніне қарамастан, оған сақтауға 3 мың тонна картоп салуға мүмкін болды.
«УС-99» ЖШС бас директоры Аркадий Кимнің айтуынша, сақтауға кеткен шығынды санағанда картоптың өз құны келісі үшін 85 теңгені құрап отыр. Қазір бұл картоп келісі үшін 90 теңгеге жіберіліп, қалада 100 теңгеден сатылып жатыр. Ол қаладағы бағаны төмендетуге мүмкіндік берді.
А.Кимнің айтуынша, кешеннің екінші кезегінің құрылысы жалғасуда, онда да көкөніс қоймасы мен жылыжай болады. Барлық коммуникациялар жеткізілді. Жабдықтар голландық «Агровент» компаниясынан сатып алынады деп жоспарлануда.
Салынып біткен жылыжайда биылғы жылы қызанақ, ал құрылысы басталғанда қияр өсіру жоспарда бар.