02:49, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Атырауда ішкиім жарнамалаған бойжеткендер қамауға алынуы мүмкін
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда әлеуметтік желілерде ішкиім жарнамалап жүрген бойжеткендерге қатысты жанжал туды. Жарнамаға қатысушылар қамауға алынуы мүмкін.

«Бейнежазбада екі қыздың дүкен қасында билеп тұрып ішкиім жарнамалағаны көрінеді. Тротуар қасында олардың көлігі тұр. Оқиға қаланың ортасында болған. Ақтаудан Атырауға келген екі қызға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін. Тротуарға көлігін қойған жүргізуші көлікті қою ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді аймақтағы ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Сондай-ақ бұндай жарнаманы ұйымдастырғаны үшін дүкен иесі де жауапқа тартылуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат әзірге расталмады.