13:14, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырауда кальцийленген сода шығаратын өндірісті бастау жоспарланып отыр
АТЫРАУ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Индер ауданындағы кен орындарының бірінен кальцийленген сода шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Олег Басиевтің мәлім еткеніндей, кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысына «Enkim» атты Түрік компаниясы мүдделілік танытқан. Қазіргі таңда кен орны жайлы техникалық ақпарат дайындалып, қор мөлшері нақтыланып жатыр. Зауыттың қуаттылығы жылына 400 мың тонна кальцийленген сода шығаруға есептелген.