Атырауда қала күніне арналған көрмеге 100-ден астам фотосурет қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қала күніне арналған көрмеге 100-ден астам фотосурет қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы қала күніне орай «Атырау – сүйікті қала» фотокөрмесін ұйымдастырды. Оған мұнайлы шаһардың қайталанбас көріністерін обьективке ілген 20-дан астам кәсіб және әуесқой фотограф қатысты. Олар көрмеге 100-ден астам фотосурет ұсынды.

«Өткен жылы пандемияға байланысты қала күнін атап өту мүмкін болмады. Біз биыл өңірдің «сары» аймаққа өтіп, карантин жеңілдетілуіне орай фотокөрме өткізуді ұйғардық. Өйткені, фотографтардың арасында өз фотосуреттерін тек әлеуметтік желіге жүктеп жүрген шеберлер көп. Сондықтан, қала тұрғындарына нағыз кәсіпқойлардың жұмысын офлайн форматта ұсынуды жөн көрдік» - дейді облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы директорының орынбасары Рафхат Бозбалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебінде күн электр стансасы іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар