15:57, 05 Наурыз 2013 | GMT +5
Атырауда қаланың мәдениет күні өтеді
АТЫРАУ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 6 наурызда Атырауда қаланың мәдениет күні өтеді, оған облыс орталығының кенттері мен ауылдық округтерінен әртістер қатысады.

Мереке бағдарламасында - киіз-үйдің ішкі жабдықтарының көрмесі, кітап көрмесі, жергілікті тауар өндірушілердің, жетістіктер мен болашақ жобалардың экспозициясы. Олар Атырауда іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ тарихи экспонаттардың және жергілікті шеберлердің қолынан шыққан туындылардың көрмесі ұйымдастырылмақ.
Мереке шығармашылық ұжымдардың есептік концертімен аяқталады.