Атырауда қаржы полициясы 2012 жылы 161 ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтады

Бұл ақпарат Атырауда агенттік төрағасының орынбасары А.Бодановтың қатысуымен өткен 2012 жылдың қорытындыларына арналған жедел кеңесте жарияланды. Сотқа 181 қылмыстық іс жолданды. Қабылданған шаралардың арқасында мемлекетке, азаматтарға және заңды тұлғаларға 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы қайтарылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша 125 қылмыс анықталды, оның 18-і - парақорлық, 57-сі - сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға ұшырату, 12-сі қызметтік жалған құжат жасау, 26-сы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, 7-уі - қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасау.
Қаржы-экономикалық саладағы 204 қылмыстық іс анықталды, оның 8-і жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық істер, 7-уі - заңсыз алкогольдік өнімдері айналысына және заңсыз ойын бизнесіне қатысты, 30 іс - салық төлеуден жалтыруға қылмысы бойынша болды.
2012 жылы Атырау облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мемлекеттік органдар тарапынан шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу жөнінегі жұмысты жалғастырды. Өткен жылы Атырау облысы мемлекеттік тексеру, бақылау органдарының лауазымдық тұлғаларына қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарымен 13 сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері қозғалды, оның ішінде 11 іс парақорлық фактілеріне байланысты болды.