16:08, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырауда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрме ашылды
АТЫРАУ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған белгілі қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды.
Көрме Ш.Сариев атындағы облыстық сурет және сәндік өнер мұражайында өтіп жатыр. Сонымен қатар ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты ұранмен өтуде. Топтамада Ә.Қастеевтің, Ш.Сариевтің, М.Кенбаевтың және тағы басқа да көрнекті суретшілердің туындылары қойылған.