17:33, 13 Қазан 2013 | GMT +5
Атырауда Қазақстанның еңбек epi, ардагер-мұнайшы Ұзақбай Қарабалинге құрмет көрсетілді
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда ардагер-мұнайшы, Қазақстанның Еңбек Ері Ұзақбай Қарабалинге құрмет көрсетілді.

Бүкіл саналы ғұмырын мұнай өнеркәсібін өркендетуге арнаған Ұзақбай Қарабалин - осындай құрметті атаққа ие болып отырған саладағы алғашқы адам.
Жиында сөз алғандар оның Қазақстанның мұнай саласының қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Ардагерді қошеметтеуге арналған жиналыста ол тағы бір атаққа ие болды - Атырау облысының құрметті азаматы атанды.