13:23, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Атырауда қажетті инфрақұрылым тартылғаннан кейін 13 мың гектар жер учаскесі беріледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жер учаскесінің кезегінде 72900 адам тіркелген, деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте қала әкімі Нұрлыбек Ожаев.

«Кезекте барлығы 71901 адам тұр: тікелей Атырау қаласынан - 51150 адам, қала маңындағы ауылдық округтерден - 21751 адам бар. Қазіргі уақытта инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген 440 гектар учаске беріліп жатыр. Оларды 1998-2003 жылдары кезекке тұрғандар алады. 13 мың учаскеге 21 жоба дайындалды. Олар барлық инфрақұрылым салынып болған соң, бөлінетін болады. Бұрынғыдай жерді бірінші беріп, халық су, жарық, газды жылдар бойы күтетін жағдайға жол берілмейді», - деп мәлімдеді Н. Ожаев.