Атырауда кеден қызметі 213 тонна улы метанолды анықтады

АТЫРАУ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауға барлық тіршілік иелері үшін қауіпті болып табылатын 4 вагонға тиелген салмағы 213,9 тонна техникалық метанол келді.
None
None

«Ол облыс аумағында жұмыс істейтін ЖШС-лардың бірінің мекен-жайына Өзбекстан Республикасынан келді. Метанол Қазақстан Республикасының аумағына қандай да бір рұқсат беру құжаттарынсыз кіргізілді. 2012 жылдың 26 наурызындағы сот-химиялық сараптамасына сәйкес, метанол улы заттарға жатқызылды. Сондай-ақ ол ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-саттығында аталмыш аумаққа кіргізу-шығаруға тыйым салынған немесе шектеу қойылғын тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізлген», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Қауіпті жүк жеткізілуі тиіс болған ЖШС-ның лауазымды тұғаларының әрекетінен кеден органдары ҚР ҚК-нің 250-бабының 1-бөлімімен қарастырылатын қылмыс белгілерін анықтады.

«2012 жылдың 30 наурызында аталған факті бойынша жүк апарылуы тиіс болған ЖШС-ның лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 250-бабының 1-бөлімімен қарастырылған қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар