Атырауда кей компаниялар жұмысшыларға жалақысын бермей келген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында компаниялар жұмысшыларға еңбекақы мен зейнетақы төлемін аудармай келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында жұмысшылардың құқығы бұзылған.

«Жылыой ауданының прокуратурасы жұмысшылардың еңбек құқығын бұзу дерегін анықтады. «Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбекақыны төлемеу, сондай-ақ «ЖылыойСу» МКК мен Теңіз кен орнында «ИнтерТаско» ЖШС-нің жұмысшыларына зейнетақы және әлеуметтік аударымдары жасалмай келген. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбекақы берешегі өтелді. Ал, 744 жұмысшыға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді», -деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 180 жұмысшыға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелгенін хабарлаған болатынбыз.

Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақановтың мәліметінше, биылғы 6 айда 58 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 18 мың баланың, 4,2 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған.


Соңғы жаңалықтар