Атырауда көкжөтелге қарсы вакцина алмағандардан «Borgetella Pertussis» ДНҚ-сы анықталды

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 6 айда көкжөтел жұқтыру бойынша 30 жағдай тіркелген.
«Бұл сырқат жүйке жүйесі, тыныс жолдарын зақымдайды. Жөтел ұстамасы байқалады. Осындай диагноздың алғашқы белгілермен Атырау қаласында – 19, Махамбет ауданында – 4, Құрманғазыда – 3, Исатайда – 3, Индер ауданында 1 жағдай анықталды. Зертханалық талдау қорытындысымен 23 сынамадан қысқа таяқша тәрізді қоздырғышымен «Borgetella Pertussis» ДНҚ-сы анықталып отыр. Ал 7 сынамада теріс нәтиже көрсетті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған ауруды жұқтырудың 22 дерегі көкжөтелге қарсы вакцинаны ектірмеуден екені анықталды. Оның ішінде профилактикалық екпелерден бас тартудың 10 жағдайы (43,5%) бар. Ал медициналық қарсы көрсеткішке байланыстсы 11 жағдай (47,8%) тіркелген. Біреуінің (4,3%) екпе алуға жасы жасы жетпеген. Тағы бір адам (4,3%) профилактикалық екпесін алған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 5 айда қызылша жұқтырудың 202 дерегі тіркелгенін хабарлаған едік.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлдана Бисенбайқызының айтуынша, қызылша жұқтырудың алғашқы дерегі 2 наурызда анықталған.
Биылғы 2 наурыз бен 25 шілде аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылша жұқтыру күдігімен 285 жағдай тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 268, Жылыой ауданында – 7, Құрманғазыда – 6, Махамбетте – 3, Қызылқоға ауданында 1 дерек анықталып отыр. Аталған дертті жұқтырудың 202 дерегі зертханалық талдау жолымен дәлелденген.