Атырауда көліктің әйнегін сындырып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көліктің терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұрлық Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында сағат 12:43 шамасында болған.

«Бүгін 50 жастағы азамат көлігін «Көктем» базарының аумағына қалдырып, шаруасымен кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер көліктің әйнегін сындырып, қол сөмкесіне салынған 6 млн теңгені ұрлап кеткен» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада жүргізуші куәлігінсіз рульге отырған 11 адам ұсталғанын, сондай-ақ, мас ер адам көлік қозғалысына кедергі келтіргенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар