Атырауда коммуналдық компаниялар айыппұл төлеуі мүмкін

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Экология департаменті Жайық өзенінде балықтың қырылу фактісі бойынша «Атырау Су Арнасы» КМК-на қатысты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашевтің айтуынша ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлескен жұмыс барысында Жайық өзенінен 4 тонна 165 кг өлген балық жиналды. Биологиялық ортаға жалпы сомасы 4,2 миллион теңгенің шығыны келтірілген.

«Біз Жайық өзенінің түбіне сүңгуір түсірдік, ол 30 метр радиустағы аумақты зерттедік. Тексеру жұмыстары балық қыстайтын «шұңқырлар» бар екі жерде жүргізілді. Өзен түбінде өлі балық ұшасы табылған жоқ Геолог кентіндегі балықтар оттегінің жетіспеуінен қырылғаны анықталды, бұл - табиғи себеп. Геологта ауланған балықтың жалпы салмағы 230 кг», - деді Арман Молдашев.null  

Сондай-ак,  Жайық өзені суының сынамалары тексерілген.

«Сынақ нәтижелеріне сәйкес, хлоридтер нормадан асып кеткен. Атап айтқанда, хлоридтердің нақты көрсеткіші 505,596 мг/дм3 құрады. Шекті жол берілетін көрсеткіш 108 мг/дм3 болғанда төгіндіде асып кету 396,6 мг/дм3 құрады. Осылайша, «Атырау Су Арнасы» КМК тарапынан ҚР Экологиялық кодексінің табиғат пайдаланушының ағынды суларда ластаушы заттардың шоғырлануын белгіленген нормативтерден асырмауы туралы талаптары бұзылған. Сонымен бірге, кәсіпорын ағынды суларды есепке алу журналын жүргізбеген.

Тексеру нәтижесі бойынша Департамент «Атырау Су Арнасы» КМК-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша белгіленген нормативтен асып кеткендігі үшін әкімшілік іс қозғады.

Айта кетейік, 6-25 желтоқсан аралығында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалы барлығы 84 сынама, оның ішінде Жайық өзенінің суынан - 69 сынама, СТҚ су ағызу құдығынан - 8 сынама және Атырау қаласындағы СТҚ су құбырының суынан - 7 сынама зерттеді.

«Бактериологиялық және химиялық көрсеткіштерге зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша барлық іріктелген сынамалар талаптарға сәйкес келеді, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, 8 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» АФ-на Жайық өзенінен тірі балықтың 7 сынамасы алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді, сәйкес келмейтіндер жоқ», - делінген Экология департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы желтоқсанның басында басталды. Төрт кәсіпорын тексеріліп, екі қылмыстық іс қозғалды.

null 

Соңғы жаңалықтар