Атырауда қорықтың 1,2 мың гектар жерін тып-типыл еткен өрттің беті қайтар емес

АТЫРАУ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауда жексенбі күні өртене бастаған мемлекеттік табиғи «Ақжайық» резерватында өрт толығымен сөндірілген жоқ.
None
None

Табиғи резерват ғылым бөлімінің басшысы Александр Ивасенконың сөзіне қарағанда, алдын ала жасалған есеп бойынша қорықтың 1 мың 200 шаршы шақырым пайдалы жер жанып кетті. Құстар мен жануарлардың өлімі әзірге тіркелмеді, алайда аумақтың батпақтығын ескерсек бұндай мәлімдеме жасау өте қиын. Бірінші кезекте осы кезеңде жұмыртқа салатын, ұя салатын құстардың зардап шегуі теріске шығарылмайды. 

 Резерваттың аумағында қамыс өртеніп жатыр. Өрт жексенбі күні Пешной түбегінде басталды. Жалын уақытында сөндірілмеді, сондықтан өрт Жайық өзенінің солтүстік жағасына бойлай орналасқан «Ақжайық» табиғи резерватына көшкен. Тілсіз жау жел екпінімен өзен бойынан өтіп, жалын қорықтың басқа аумағын отқа орады. Өрт алдымен Бірінші және Екінші бөгетті басып, кейін Шаңұзақ ағысынан өтіп, Атаман каналының сусыз жылғасын бойлай шарпыды.

 «Ақжайық» резерватының жалпы аумағы 111.5 мың гектар алқапты құрайды. Қорғауға алынған жермен бірге 140 мың гектар. Резерватта құстың 292 түрі бар. Олардың 110-ы ұя салады, 76-ы қыстайды. Сонымен қатар жануарлардың 48 түрі бар, олардың 2-уі қызыл кітапқа енген. Құстардың 38-і қызыл кітапқа кіреді», - деді А. Ивасенко. 

 Бейсенбіге қараған түні өртенген қамыс резерваттың көп жерінде жанып, лаулап жатыр. ТЖ бойынша департаменттің қызметкерлері жағдайды бақылауға алды, дегемен биіктіктен (аспаннан) ғана сөндіруге болатын өртке кедергі бола алмай тұр.

Соңғы жаңалықтар