Атырауда көшеде жалғыз жүрген 2 жасар сәби табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында ауладан шығып кетіп, үйін таба алмай қалған 2 жасар сәби анасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 21 тамызда сағат 11:00 шамасында 2 жасар сәби жеке үйдің ауласынан шығып кеткен. Оның көшеден жалғыз жүргенін «Нұрсая» ықшамауданының тұрғындары көріп, №14 учаскелік полиция бекетіне хабарлаған.

«Сағат 11:46-да «102» операторына 2 жасар сәбиін іздеген азаматшадан хабар түсті. Оператордың ұсынысымен телефон шалған әйелге учаскелік полиция бекетіне келді. Ол сәбиін 14 жасар қызына қалдырып, өзі шаруаларымен кеткен. Сол кезде кішкентай балақай ауладан шығып, үйіне қайта оралмаған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер 2 жасар сәбиді анасына табыстап, қараусыз қалдырмауды ескертті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қараусыз қалған 1 жасар сәби құдыққа түсіп кеткен.



Соңғы жаңалықтар