20:49, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Атырауда ҚР мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін жарақаттанған ресейліктер ауруханадан қашып кетті
АТЫРАУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда шекарашылармен жарақаттанған ҚР мемлекеттік шекараның екі бұзушысы облыстық ауруханадан қашып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйекте Қазақстанның сулы аумақтарында 7 адам мінген ресейлік кемелерді ұстау барысында тікұшақтың бортынан шекарашылар екі адамды жарақаттады. Оларды бортқа көтеріп, Атыраудың облыстық ауруханасына жеткізді.
Ауруханаға жеткізілгендердің есімдері - 1991 жылғы Гарифмурат Магомедалиев пен 1989 жылғы Сергей Жеравин.
Аурухананың травматологиялық бөлімшесінің дәрігері Бекен Құлниязов мәлім еткендей, Магомедалиев тобығының жарақатымен, Жеравин екі жамбасының жарақатымен жеткізілді. Оларға жедел түрде ота жасалды. Содан кейін айыққан ресейліктер ауруханадан қашып кетті.
Қалған 5 заң бұзушы соттың шешімін күтуде.