Атырауда құрғақ шөптің өртенуіне трактордан шыққан ұшқын себеп болған

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының маңында құрғақ шөптің өртенуіне трактордан шыққан от ұшқыны себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, дала өрті 26 тамызда сағат 16:54-те тұтанған.

Өрттің салдарынан Атырау қаласының маңындағы «Тухлая балка» аумағында құрғақ шөп жанған. Белгілі болғандай, бұл жерде қысқы мал азығын дайындап жатқан «Жанбырбаев» жеке кәсіпкерлігінің жұмысшылары «МТЗ-80» тракторын от алдырмақ болған. Сол кезде трактордан от шығып, құрғақ шөптің өртенуіне ұласқан.

«Дала өрті шамамен 200х400 метр болатын аумақты шарпыды. Жалын жергілікті уақытпен сағат сағат 20:45-те оқшауланып, сағат 22:32-де сқндірілді. жойылды. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 5 қызметкер, 1 техника, «Семсер «Өрт сөндіруші» мекемесінен 6 қызметкер, 2 техника, «NSS» ЖШС-дан 6 қызметкер, 3 вакуум, 3 трактор, «Атырау облысы Су арнасы» КМК-дан 1 қызметкер, 1 вакуум, «Арнаулы Автобаза» ЖШС-дан 1 қызметкер, 1 су шашатын көлік тартылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шөп өртеніп, ауада көміртегі тотығы шекті мөлшерден асып кеткенін жазған едік.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі дала өртінің ауа сапасына әсері туралы ақпарат таратты.

«Экология департаментінің мамандары қала аумағының атмосфералық ауасынан сынамалар алды. Сынамаларды талдау нәтижесінің қорыныдысымен ауада көміртегі тотығының рұқсат етілген шекті шоғырланудан асқаны анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар