Атырауда мас күйде рульге отырған шетелдік 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мас күйде рульге отырған Грузия азаматы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 16 ақпанда сағат 05:50 шамасында «ВАЗ – 2115» автокөлігі тоқтатылған.

«Патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде тоқтатылған көліктің рулінде Грузия Республикасының 1978 жылғы азаматы болғанын анықтады. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің иісі байқалған.

Медициналық сараптаманың қорытындысымен шетелдік азаматтың жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені дәлелденді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мас жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлігін мас адамға айдауға берген әйелге 428 мың

теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар