Атырауда Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

«Игілік Әубәкіров 1975 жылы туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетін инженер-механик және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды облысы сот орындаушылар және сот приставы департаментінің сот приставы болып бастап, кейін Қарағанды облысы соттар әкімшісінің сот орындаушысы, Қарағанды облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлімінің жетекші маманы, бөлім бастығы болып қызмет еткен. Астана қаласы Алматы ауданы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік Ұлттық институты директорының орынбасары, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ-ның Астана қаласындағы өкілдігі директоры болып жұмыс жасаған.
2010 - 2013 жылдары аралығында Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2013 жылғы тамыз айынан бастап, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және кадр мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет етті», деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.