19:19, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Атырауда мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 500 мың теңге парамен ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 500 мың теңге пара алған мемлекеттік кіріс департаментінің маманын қолға түсірді.

«Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері жарты миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл шетелден ірі соманың оралмауына байланысты сотта қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуі үшін берілген пара. Ұсталған айыпталушыға өз кінәсін мойындау туралы келісімге келуге көмектесетініне уәде берген. Іс ҚР ҚК 235 бабы бойынша қаралып жатыр», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының міндетін атқарушы.