Атырауда мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қамалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қамалды

«2017 жылғы 17 маусымда Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жарылғапов Бақытқали Қарабайұлын  ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қамауға алды. Қамауға алу ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 4-тармағында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тексерістің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс бойынша жүргізілді. Атырау қалалық №2 соты Б. Жарылғаповты екі ай қамауға алуды санкциялады», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша  мемлекеттік кіріс департаменті  ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекшісі  Заңғар Занканов.