Атырауда мемлекеттік сатып алу басқармасының бұрынғы қызметкеріне пара алғаны үшін 32 млн теңге айыппұл төлеу үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда сот пара алғаны үшін Мемлекеттік сатып алу басқырмасының бұрынғы бас маманына миллиондаған теңге мөлшерінде айыппұл салды.
None
None

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылғы қыркүйекте Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Атырау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасына Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы жылу желілерін жөндеуге тендер өткізу үшін өтінім жіберді.

«Аудандық ТКШ бөлімінің басшысы қызметтік жағдайын пайдаланып, мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы, конкурстық комиссия мүшесі М-дан бас бухгалтері болып туысы А.М. жұмыс істеген «Теплотехника» ЖШС-ның тендерден ұтуына жәрдемдесуін өтінген. Көрсеткен қызметі үшін 1 600 000 теңге пара ұсынған».

Пара беру кезінде екеуі де ұсталды. Атырау қаласы №2 соты М-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оны ҚК 366-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 32 000 000 теңге айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар