Атырауда «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өтеді

АТЫРАУ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным» V1 республикалық патриоттар форумы өтеді.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабардар еткендей, форум «Менің Елтаңбам! Менің туым! Менің әнұраным» жастардың патриоттық шеруімен басталады. Шеруге форумға келген облыстардың делегациясы, көлікті, мотоциклді тізгіндегендер, салт аттылар қатысады. Бұдан кейін Исатай-Махамбет алаңында Қазақстан Республикасының туы көкке көтеріліп, форумға қатысушылар ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

Сонымен қатар шара барысында олар бірқатар кездесулер өткізіп, жыл патриоттарына үміткерлерді марапаттау салтанатында болады.

Соңғы жаңалықтар