Атырауда мерекеде тігілген киіз үйлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Наурыз мерекесінде ықшамаудандарда киіз үй тігуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді - мұнда шамамен 150-ге жуық киіз үйлер орнатылған.
None
None

Басты мерекелік шаралар Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда өтті. Мейрамды тойлатуға бұл жерге мыңдаған атыраулықтар мен қала қонақтары жиналды. «Бұл шынымен де бүкілхалықтық мереке, тепе-теңдік күні, барлық адамдар мен табиғаттың үндескен күні. Жаңару мен жаңғыру, жылылық пен мейірбандылық мерекесі. Аталмыш мейрам қазіргі таңда елімізді мекендеп жатқан халықтар мен этностардың бірлігі мен достығының мерекесіне айналды. «Елдің күші - бірлікте!» дейді халық даналығы. Қазақстан халықтарының осы достығы мен бірлігі бұдан әрі нығая берсін!», - деді көпшілік қауымды мерекесімен құттықтаған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Мерекелік шарада алаңға жиналған көпшілік қауымнан жастар арқан тарту, күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен өзара сайысқа түссе, егде жастағылар шахмат ойнап жарысты, ал балалар алтыбақан тебудің қызығына тоймады. Сондай-ақ жұртшылық Наурызға арналған астан дәм татып, өнерпаздар концертін тамашалады. Мереке соңы отшашумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар