15:03, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырауда металлопластиктен құбыр жасайтын кәсіпорын ашылды
АТЫРАУ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырауда жылына 2 мың тонна өнім өндіретін қуаты бар композиттік металлопластикалық құбыр шығаратын кәсіпорын пайдалануға берілді.
Кәсіпорынның бас менеджері Меңдіғали Сапбаевтың айтып өткеніндей, зауыт диаметрі 12-110 мм болатын құбырларды шығаруға есептелген.
Жаңа өндіріс нысаны «Шеврон» компаниясына тиесілі, қазір жұмыс істеп тұрған полиэтиленді құбыр шығару зауытының базасында құрылып отыр.
Металлопластиктен құбыр шығаратын өндірістің жаңа желілерінде 37 қазақстандық азамат жұмысқа ие болды.