18:37, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Атырауда «Мигрант» операциясы өткізілуде
АТЫРАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында полиция қызметкерлері «Мигрант» шұғыл алдын алу операциясын өткізуде. Қазірдің өзінде ҚР көші-қон заңдылықтарын бұзудың 106 фактісі анықталған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұқтарова хабарлағандай, қала маңындағы балықшы кентіндегі наубайхананы тексеру барысында полицейлер заңсыз еңбекпен айналысып жүрген 5 қырғыз азаматын анықтады. Сонымен қатар, олардың барлығы да дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар болып шыққан. Қазіргі уақытта оларға қарсы әкімшілік өндірістік іс қозғалды. Олар ұсталды және ІІД оқшаулау бөліміне жіберілді. Сондай-ақ, толық анықтау үшін осында Өзбекстанның да 7 азаматы қамалды.
Қазіргі уақытта заң бұзушыларды елден аластату мәселелері шешіліп жатыр.