Атырауда мұнайды заңсыз өндірген сотталушы рақымшылыққа ілікті

 АТЫРАУ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша қаржы полиция департаменті «Тахами Оil»  ЖШС-нің директоры Ділмұрат Мамажановқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.
None
None

Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол мұнайды тиісті құжатсыз сатып алу мен тасымалдағаны және сақтағаны үшін айыпталуда.

«Д. Мамажанов мұнай қоспаларын сақтау бойынша қызмет көрсетуде «Тахами Оil» ЖШС-нің атынан «МақатМұнайӨнімдері» ЖШС-мен келісім жасасқан. Кейін белгісіз адамдардан 6,8 млн. теңгеге 60 тонна шикі мұнай өнімін сатып алған. Ол 60 тонна мұнайды заңдастырып, жасанды құжат жасап, өнімді «Синдикат Энерго» ЖШС жасанды фирмасына тиесілі етіп көрсеткен. Осылайша заңдастырылған мұнай «МақатМұнайӨнімдері» ЖШС-іне тапсырылды», - деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметі.

№2 қалалық сотының үкімімен Д. Мамажанов ҚР ҚК-нің 183 бабы, 1 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін сотталушыға қатысты ҚР «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жөнінде» Заңының 4 бабы қолданып, босатылды.

Соттың шешімімен «Тахами Оil» ЖШС-іне тиесілі 60 тонна көлемінде мұнай мемлекетке қайтарылды. 

Соңғы жаңалықтар