07:29, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Атырауда «Нұр Отан» ХДП 14-съезіне делегаттар сайланды
ЫРАУ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партияның алдағы 14-съезіне делегаттар сайланды.
«Нұр Отан» ХДП Атырау филиалының 28 мың мүшесі атынан съезге 24 делегат қатысатын болады. Олар - облыс, аудан басшылары, қоғамдық жұртшылық өкілдері. Саяси кеңес отырысына қатысушылар сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП сайлау алдындағы тұғырнамасын талқылады. Сонымен қатар облыстық филиал жаңа мүшелермен толықты, оларға партия билеттері тапсырылды.