14:51, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Атырауда облыс әкімінің жаңа орынбасары және қала әкімі тағайындалды
АТЫРАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда облыс әкімінің өкімімен әкімнің жаңа орынбасары және қала әкімі тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасарлығына - Сәлімжан Жұмашұлы Нақбаев, Атырау қаласының әкімдігіне Мереке Отарұлы Исмұратов тағайындалды.

С.Нақбаев бұған дейін Атырау қаласының әкімі болса, М.Исмұратов - Атырау облысы әкімінің орынбасары болған.
Ал облыс әкімінің орынбасары Нұрман Нұрбеков өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.