14:11, 25 Шілде 2015 | GMT +5
Атырауда облыстық перзентхана заманауи жабдықтармен жарақталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында соңғы жылдары шала туылған балалар арасындағы өлім-жітім екі есеге төмендеді, дене салмағы 1 келіге дейін болып туылған нәрестелердің аман қалуы едәуір ұлғайды.
«Бірінші кезекте бұл Атырау облыстық перзентханасының заманауи жабдықтармен жарақталуының, білікті дәрігерлердің көбеюінің арқасында мүмкін болды. Атырау облыстық перзентханасы - үшінші деңгейлі перзентхана. Бұл жерге қатері жоғары топтағы жүкті әйелдер түседі. Мекеме бүгінде жаңа технологиялық талаптарға сәйкес келетін барлық қажетті жабдықтармен жарақталған. Жыл сайын перзентхана мамандары шетелдік медициналық клиникаларда біліктілігін көтереді», - деді облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан Хасанова.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» ҚР Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша перзентхана ұжымы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің екінші кезеңіне өтті.