Атырауда олай-бұлай ұшқан шатырлар көліктердің үстіне түсіп жатыр (ФОТО)

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетті. Желдің қатты болғаны соншалық, тіпті үй мен мекемелердің шатырларын, билбордтарды олай-бұлай ұшыртып жатыр.
None
None

Ондаған куәгерлердің алдында «Авангард» шағын ауданындағы екінші деңгейлі банктердің бірінің шатырын ұшыртты. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.

Бұрын хабарланғандай, Ақтөбе көшесіндегі көпқабатты мекеменің шатыры жұлынып кеткен. Осыдан кейін ТЖ департаментіне коммерциялық компанияның шатыры ұшқаны туралы хабар түсті. Оның салдарынан 3 автомобиль мен шағын автобус зардап шекті.

«Оқиға орындарына біздің департаменттің қызметкерлері тартылды. Қауіпті жерлерді тәртіп сақшылары қоршауға алды. Аулаларды тазалауға ЖПИК, ТКШ және мердігер компаниялардың қызметкерлері тартылды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Марат Құрманов.

ТЖД алтын ала ақпараты бойынша, жел қаладағы 30 мекеменің шатырын жұлып әкетті. Кем дегенде 20 автомобиль зардап шекті.

Аудандарда да дәл осындай жағдай. Ауа райы болжамы бойынша, жел бүгін түстен кейін бәсеңдеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар