Атырауда Өзбекстан азаматы сүйіктісінің үйінде опиум сақтаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда аса ірі көлемде экстрационды опий сақтағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шетелдік азамат есірткіні Атырау қаласында тұратын азаматтық некедегі әйелінің үйінде жасырған. Полицейлер есірткі аса ірі көлемде болғанын атап өтті.

«Есірткі тәркіленіп, Өзбекстан азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,-деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар